Нұр-Сұлтаннан коронавирустың тағы 14 дерегі анықталды

netimes, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2020 18:26 netimes
Ол адамдар оқшауланды.

Елімізде коронавирустың 14 жаңа дерегі тіркелгені белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы брифингте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанда тағы жаңа 14 факт анықталды.

"Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус бойынша тағы жаңа 14 дерек тіркелді. Олар оқшауланып, карантинге жатқызылды. Олармен байланыстағы адамдар анықталды. Қазір оларды оқшаулап, карантинге жатқызу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Біртанов.

17 наурыз күні таңертең Алматыда коронавирустың үш жаңа фактісі белгілі болды. Оның біреуі - екі жасар бала, тағы екеуі - ер адамдар.

Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 27 жағдайы тіркелген. Оның ішінде Алматыда - 11 , Нұр-Сұлтанда - 16.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: