Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы бақылау бекеттеріне дәрігерлер де қойылады

Алматы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2020 16:18 Алматы әкімдігі
Қызуы көтерілген жүргізушілері бар көлік анықталған жағдайда олар кері қайтарылады.

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов пен Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова брифинг өткізіп, журналистердің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қымбатты азаматтар! Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің аумағында төтенше жағдай жарияланған болатын. Соған орай Ішкі істер министрінің бұйрығымен жеке құрам қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді. Полицияның басты міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта департамент коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін онымен күресу шараларын жүргізуде. Мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлерімен бірлесе отырып инфекция жұқтырған адамдармен тікелей байланыста болған тұлғаларды іздестіру шаралары жүргізілуде. Бүгінгі күні осындай 798 азамат анықталып, олар медициналық мекемелерге жеткізілді", - деген Қанат Таймерденов Алматы қаласына карантиндік режимнің не үшін енгізілгенін түсіндірді.

"Ерекше маңызға ие мемлекеттік нысандар мен мекемелерді тәулік бойы күзету жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен үстіміздегі жылдың 19 наурызында сағат 00.00-ден бастап карантин режимі енгізіледі. Басты мақсат – қаланың сыртқы аумағын бақылап, қаланың ішіндегі карантин режимін қатаң қадағалау арқылы инфекцияның таралуын тоқтату. Алматының шекараларына автокөліктің кіруі мен шығуына шектеу қойылады. Соған байланысты қаланың барлық кіреберістеріне және он магистральға 27 блок-бекет қойылады. Сол жерге күнделікті полиция қызметкерлері мен Қорғаныс министрлігінің жауынгерлері жұмылдырылады", - деген Қанат Таймерденов Полиция департаментінде арнайы call-орталық жұмыс істейтінін де атап өтті.

"Полиция департаментіндегі call-орталық 254-4007 нөмірімен жұмыс істейді. Бұл орталық азаматтар тарапынан туындаған мәселелерді қарастырып, барлық сұрақтарына шұғыл жауап беріледі. Құрметті азаматтар! Сіздердің Ішкі істер органдары тарапынан жасалып жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Өйткені, олар сіздің және сіздің жақындарыңыз үшін қабылданып жатқан шара", - деп азаматтардың сабыр сақтауын сұрады.

Ал қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова әрбір блок-бекетте арнайы мамандар жұмыс істейтінін атап өтті.

"Алматы қаласы аумағындағы блок-бекеттерде арнайы қызметтің мамандары жұмыс істейді. Олардың мақсаты – коронавирустық инфекциямен ауырған немесе оны жұқтыруы мүмкін деген күдіктілерді анықтаумен айналысады. Әрбір блок-бекет жеткілікті көлемде тепловизорлармен жабдықталған. Қызуы көтерілген жүргізушілері бар көлік анықталған жағдайда олар кері қайтарылады. Олар жайлы мәліметтер өз уақытта аймақтық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберіледі. Олар сол тұлғалармен байланыста болған азаматтарға профилактикалық шаралар және медициналық бақылау жүргізеді", - деді Әсел Қалықова.

Айта кетейік, ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимін енгізілетінін хабарлаған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: