Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшті

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2020 20:26 Ж.Құспанов
Жалпы отырыстар, комитеттер мен заң жобалары бойынша жұмыс топтарының отырыстары кезінде ғана депутаттар Мәжіліс ғимаратында болады.

Бүгін онлайн режимде өткен жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин карантинге байланысты Мәжіліс жұмысы жаңа форматқа көшетінін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Елімізде қалыптасқан төтенше жағдайға және қаламызда карантин жариялауға байланысты Мәжілістің де жұмыс режимі өзгеретін болады. Ертеңнен бастап, Мәжіліс жұмысының басым бөлігі басқа форматқа көшеді. Бұл әрбір азаматтың қауіпсіздігін сақтау үшін жасалып жатқан шаралар. Оған бәріміз түсіністікпен және жоғары жауапкершілікпен қарауымыз қажет", - деді Н. Нығматулин.

Жалпы отырыстар, комитеттер мен заң жобалары бойынша жұмыс топтарының отырыстары кезінде ғана депутаттар Мәжіліс ғимаратында болады.

Мәжіліс Спикері атап өткендей, басқа күндері телекоммуникацияның заманауи түрлерін пайдалану арқылы қашықтықтан жұмыс істейді.

Заң жобасына қатысы бар тараптардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін заманауи интернет-технологияны пайдалана отырып, қашықтықтан жұмыс істеу әдісі енгізіледі. Мүдделі мемлекеттік органдардың, паралменттік емес саяси партиялардың, сараптамалық қауымдастықтың ұсыныс-пірілерін жинап, позицияларды келісу бойынша жұмыстар бейнеконференция, скайп, селекторлық жиналыс басқа да коммуникация түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Заңдарды жобалық бақылау бойынша жұмыс топтарының отырыстары олардың мүшелері мен әзірлеуші орган өкілдерінің ғана қатысуымен өтеді.

Мәжіліс Спикері негізгі жұмыс топтары, жалпы отырыстар және бейінді комитеттер жиындары бұрынғыдай онлайн-режимде Мәжіліс сайты (www.parlam.kz) арқылы таратылатынын айтты.

Парламенттік тыңдаулар мен үкіметтік сағаттар кейінге шегеріледі.

Мәжіліс ғимаратында жиналыстар, жұмыс кездесулер, азаматтарды қабылдау өткізуге шектеу қойылады.

Депутаттар мен Аппарат қызметкерлері үшін іссапарлар, басқа да қызметтік және жеке сапарларға тыйым салынады.

Сонымен қатар, Мәжіліс Аппараты қызметкерлерінің 70% пайызы жалақсысы сақтала отырып, қашықтан жұмыс істеу форматына көшіріледі. Қалған бөлігі қысқартылған жұмыс уақыты бойынша қызмет атқарады.

Жаңа жұмыс тәртібін алға тарта отырып, Мәжіліс Төрағасы заң шығару жұмысының қарқыны мен сапасын төмендетпеуге айрқыша назар аударды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: