Мәжілісмендер бір күндік еңбекақыcын коронавируске қарсы күреске аударды

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2020 02:32 Мәжілістің баспасөз қызметі
Ел басшылығы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауқымды шараларды қолға алуда.

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросының шешімі бойынша депутаттар және аппарат қызметкелерінің бір күндік еңбекақысын коронавирус инфекциясына қарсы күреске бағыттау туралы Қаулы қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаржы карантин енгізілген Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 коронавирус эпидемиясымен күреске қажетті шараларды жүзеге асыруға арналады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, ел басшылығы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауқымды шараларды қолға алуда.

- Осындай қиын-қыстау кезеңде барлық қазақстандықтар ортақ мақсат жолында күш біріктіруіміз керек, - деді Н.Нығматулин.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: