Жаңалықтар тізбегі
0

22 наурызда Алматы толық жабылады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2020 17:47 zakon.kz
22 наурыз түнгі сағат 00.00-ден бастап темір жол, ішкі әуе рейстері де тұтас тоқтайды.

Карантин уақытында қала ішінде адамдардың ары-бері жүруіне тыйым салынбайды, қоғамдық көліктер жүре береді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов айтты.

Оның сөзінше, 22 наурыз түнгі сағат 00.00-де қала толық жабылады. Қалаға кіргісі келгендер немесе шығатындар осы уақытқа дейін Алматыға кіріп немесе қаладан шығып үлгеруі тиіс, деп жазады centralasian.org.

"Бұл қалада жұмыс істеп, қала аумағында тұратындарға да қатысты" деді ол.

Оның айтуынша, карантин кезінде жедел медициналық жәрдем, құтқару қызметі сияқты қаланың тіршілігі үшін маңызды көліктердің өтуіне ғана рұқсат беріледі. Олар қалаға кірер кезде толық дезинфекциядан өтеді.

Ерлан Қожағапановтың айтуынша, 22 наурыз түнгі сағат 00.00-ден бастап темір жол, ішкі әуе рейстері де тұтас тоқтайды. Тек халықаралық рейстермен ұшатын жолаушыларға қандай да бір "артықшылық" берілуі мүмкін.

Оның айтуынша, карантин уақытында азық-түлік сататын сауда орындары, саябақтар жұмыс істей береді. Дәмхана, мейрамханалардан тамақты сатып алып кетуге ғана болады.

Соңғы ресми дерек бойынша, Қазақстанда 37 адамнан коронавирус табылған. 19 науқас - Алматыда, 18 адам Нұр-Сұлтанда емделіп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстанның барлық аумағына 2020 жылдың 16 наурыз сағат 8.00-ден бастап, 2020 жылдың 15 сәуір сағат 7.00-ге дейін төтенше жағдай енгізген.

19 наурыз түнгі сағат 00.00-ден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин енгізілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: