Коронавирус жұқтырған ресейлік бұрын анықталған науқаспен байланыста болған
инАлматы
Ол 12 наурызда Краснодар - Мәскеу - Алматы рейсімен ұшып келген.
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Тілеухан Әбілдаев қалада соңғы рет анықталған коронавирус оқиғасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, бұл науқас 12 наурызда Краснодар - Мәскеу - Алматы рейсімен ұшып келген. Ресей қолайсыз эпидемиологиялық жағдайы бар елдердің тізіміне енбегендіктен, ол бірден карантинге алынбаған. Ол Мәскеуден келіп, коронавирус анықталып, ауруханаға түскен әйелмен байланыста болғаны белгілі болды. Оны 17 наурызда уақытша ауруханаға жатқызды. 17 наурызда одан талдау алынды, 19 наурызда ол жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Коронавируспен ауыратын 18 науқастың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Тек біреуі созылмалы обструктивті бронхитке шалдыққандықтан ауру орташа ауырлық деңгейінде жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript