Алматымен арадағы 49 қаларалық автобус бағыты жұмысын тоқтатты

Алматы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2020 20:20 Алматы әкімдігі
Сондай-ақ қала маңындағы аудандарға қатынайтын 63 тұрақты қалалық және қала маңындағы бағыттардағы автобустар тоқтады.

19 наурыздан бастап Алматыдан басқа аймақтарға қатынайтын автобус бағыттары тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласында карантиндік режимнің енгізілуіне байланысты коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша шаралар қабылдануда, деп түсіндірді қала әкімінің баспасөз қызметі.

19 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының бағыттарына, сондай-ақ қала маңындағы аудандарға қатынайтын 63 тұрақты қалалық және қала маңындағы бағыттардағы автобустар (759 мобильді бірлік), 49 қалааралық маршрут (тәулігіне 92 автобус шығатын) тоқтатылды, - делінген хабарламада.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2020 20:20

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: