Жаңалықтар тізбегі
0

Оқшауланған "Сұңқар" тұрғын үй кешенінде не болып жатыр - фоторепортаж

zakon.kz zakon.kz
"Сұңқар" ТК - үш подъезі бар 14 қабатты бір үй. Жалғыз ол емес, төрт бұрыш болып тұрған оған жапсарлас үйлер де қоршауға алынған.

19 наурызға қараған түні Алматыда Зенков көшесінде орналасқан "Сұңқар" тұрғын үй кешені қоршауға алынды. Әкімдік бұл шара инфекция ошағын оқшаулау үшін қабылданғанын айтты, өйткені бұл үйде коронавирус жұқтырған адам тұрады. Онда не болып жатқанын zakon.kz тілшісі біліп-қайтты.

"Сұңқар" ТК - үш подъезі бар 14 қабатты бір тұрғын үй. Жалғыз ол емес, төрт бұрыш болып тұрған оған жапсарлас үйлер де қоршауға алынған.

Тексеру пунктінің қызметкерлері сайт тілшісіне егер біреу мұнда кірсе, ол жақтан қайта шыға алмайтынын түсіндірді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-03/1584614970_11.jpg

Сырттан осы тұрғын үй кешені алдындағы балалар ойын алаңында балалардың ойнап жүргенін байқадық.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-03/1584615079_2.jpg

Тапсырыс берілген тағамды жеткізген курьерді де көрдік.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-03/1584615053_3.jpg

Айтпақшы, алматылықтардың көбісі бұл үйге қатысты мәліметтен хабарсыз, көбісі жақындап келіп: "Не болған, не болып жатыр" деп сұрап жатыр.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-03/1584615160_4.jpg

Біз "Сұңқар" тұрғын үй кешенінде тұратын бір тұрғынмен байланысқа шыға алдық. Оның айтуынша, қазір барлық тұрғындар карантинде, үйден 15 күнге шығуға тыйым салынады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-03/1584615146_5.jpg

Коронавирустық инфекция табылған тұрғын оқшауланған. Оның жағдайы қанағаттанарлық сияқты. Сондай-ақ, көрші үйлердің барлығына карантин қойылған. Біздің ауланы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет аралап жүріп, бір нәрселерді шашты, - деді Ахан.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-03/1584615150_6.jpg

Тұрғын үй ауласының төрт бұрышына да күзет бекеттері қойылған. Шығатын барлық бағыт жабық.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-03/1584615201_7.jpg

"Ұлттық ұлан мен полиция қызметкерлері бірге тұр. Кіруге және шығуға рұқсат етілмейді. Осы көшедегілерге арналған төменде жалғыз бір дүкен бар. Кішкентай, бірақ тапшылық сезілмейді. Мен өзім үйде отырып жұмыс істеймін, көп далаға шықпаймын, сондықтан көп нәрсені егжей-тегжейлі білмеймін", - деді оқшауланған тұрғын үй кешенінің тұрғыны.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-03/1584615178_8.jpg

Ол көршілерінің біразы да пәтерінен шықпайтынын, тіпті кіреберіс пен аулалар көптен бос екенін айтады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-03/1584615196_9.jpg

Кімді ауруханаға жатқызғанын Ахан білмейді. Оларға оның қай подъезде тұрғаны айтылмаған.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-03/1584615255_10.jpg

Ол үйдің оқшауланғанын бұқаралық ақпарат құралдарынан, телеграммадағы хабардан білгенін айтады. Ал подъездің кіреберіс есігінде карантин режимі не екенін және бұл режим бұзылса не болатынын түсіндіретін парақша ілініпті.

Көбісі мына бір сәйкестікке назар аударған. Бұл тұрғын үй кешенінің төменгі қабатында "Кішкентай Италия" деп аталатын аяқ-киім шеберханасы бар екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз