Алматыда коронавирустың 11 ошағы тіркелді
polisia.kz
Азаматтардың көші-қонын тоқтату керек, әйтпесе біз вирусты тоқтата алмаймыз.
Алматы бойынша 11 індет ошағы тіркелген, деп хабарлайды zakon.kz.
Қалада 11 індет ошағы бар, олардың барлығы бақылауға алынып жатыр. Барлық аудан бойынша. Сондықтан азаматтардың көші-қонын тоқтату керек, әйтпесе біз вирусты тоқтата алмаймыз, - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.
Оның айтуынша, ошақтардың нақты мекен-жайы кейінірек хабарланады.
Жалпы, Алматыда коронавирустық инфекцияның 19 жағдайы тіркелді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript