Қазақстанда сәуірдің басында коронавирус өршіп, биік шыңына жетуі мүмкін екені болжанды

Egemen.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2020 15:40 Egemen.kz
Біздің есебіміз бойынша қабылданған шаралар аурудың таралуын шамамен 50 процентке азайтты - Біртанов.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирустың өршуінің ең жоғары деңгейі сәуір айының бірінші онкүндігінде көрініс табады деп болжайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған сұқбатында айтты.

Сәуірдің алғашқы онкүндігінде індет өршіп, биік шыңына жетеді деп күтіледі. Өкінішке орай, әрқашан бұл бізге байланысты емес, - деді ол.

- Біздің есебіміз бойынша қабылданған шаралар аурудың таралуын шамамен 50 процентке азайтты. Сондықтан, карантиндік шараларды сақтау қажет, кеше Президент айтқандай, мүмкін бұл шараларды одан әрі де қатайтуы мүмкін, бұл инфекцияның таралу жылдамдығын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Біртанов өз кезегінде халықаралық ұйымдардағы әріптестеріне өз алғысын білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: