Коронавирустан көз жұмған анасының жанында кішкентай бала 16 сағат бойы отырған
АҚШ-та кішкентай бала коронавирустан қаза тапқан анасының мәйіті жанында шамамен 16 сағат болған, деп хабарлайды zakon.kz.
РИА Новости хабарлағандай, 42 жастағы маммолог дәрігердің өлі денесі үйінен табылды. Марқұмнан алынған COVID-19 талдауы оң нәтиже берді. Алдын ала мәліметтер бойынша, полиция кісі өлімін анықтағанда дейін әйел 12-16 сағат бұрын көз жұмған. Осы аралықта оның жанында төрт-бес жасар баласы болған.
Қазір қайтыс болған дәрігер жұмыс істеген аурухана онымен байланыста болған барлық қызметкерлер мен науқастарды хабарласып, анықтап жатыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда COVID-19 індетін пандемия деп жариялады. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 414 мыңнан астам адам бұл ауруды жұқтырған, 18 мыңнан астамы қайтыс болған.