Карантин мәңгі емес – Сағынтаев полицейлер мен дәрігерлерге күш-жігер тіледі
видеодан кадр
Бәлкім, бәз-біреулер айтар, бұл полиция өкілдерінің, әскерилердің және дәрігерлердің парызы деп.
Осындай қиын шақта біздің, елдің амандығы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, отбасынан жырақта жүріп, демалыссыз, жанқиярлықпен күресіп жүрген жандар туралы ойланып көрдік пе, - деп жазды Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Бәлкім, бәзбіреулер айтар, бұл полиция өкілдерінің, әскерилердің және дәрігерлердің парызы деп. Бірақ олар үн-түнсіз жасап жатқан сол еңбектерінің өтеуін бізден сұрап, міндетсініп жатқан жоқ.
- Қарапайым тұрғындар оларға қалай көмектесе алады? Аяушылық қажет емес. Тек қана әрқайсымыз орын алған жағдайға түсіністік танытып, өз жауапкершілігімізді күшейтіп, саналы түрде қолдау көрсетіп отырайық. Қабылданған карантиндік шаралардың тиімділігі де осында. Бұл мәңгі емес. Сондықтан бәріңізді сабырлы болуға, ал алдыңғы қатарда еңбек етіп жүргендерге шыдамдылық пен күш-жігер тілеп қояйық!, деді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript