Мәскеуде коронавирус жұқтырған тағы бір науқас көз жұмды
Мәскеу үкіметі порталы
Науқас дәрігерге қаралмай бес күн дербес үйінде емделген.
Мәскеуде соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған тағы бір науқас қайтыс болды. Бұл туралы жедел штабтың Telegram арнасында мәлім болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, науқас дәрігерге қаралмай бес күн дербес үйінде емделген. Қалалық ауруханалардың біріне түскеннен кейін 70 жастағы науқастың екі өкпесінің пневмонияға шалдыққаны расталды. Сондай-ақ, әйел 20 жыл бойы қант диабетімен ауырған. Одан бөлек бүйрек қызметінің бұзылуы және басқа да созылмалы аурулары бар.
Осылайша Ресейде коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны үш адамға дейін өсті. Олардың барлығы Мәскеуде тіркелді.
Ресейде коронавируспен ауыратындардың жалпы саны 1036 адамға жетті. Коронавирус инфекциясының жаңа оқиғалары елдің 16 аймағында тіркелді. Мәскеуде 157 жаңа жағдай анықталды, 8 - қала маңында, Қырымда тағы - 12 жағдай. Емделіп шыққандар саны бүгінгі таңда 7 адамға артып, 45-ке жетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript