Түн жамылып Алматыға кірмек болған Ащыбұлақ тұрғыны ұсталды
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
"Үйлеріңізде болыңыздар, біздің қателіктерімізді қайталамаңыздар": төтенше жағдай тәртібін бұзған Алматы облысының тұрғындары өкініштерін білдірді.
Алматы облысының тәртіп сақшылары таратқан ақпарат бойынша сот шешімімен әкімшілік қамаққа алынған 27 азамат қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында әкімшілік жазасын өтеуде, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде әкімшілік қамаққа алынған тұлғалар төтенше жағдай тәртібін сақтауға шақыруларды басшылыққа алмағандары үшін бірауыздан өкінетіндерін жеткізді.
"Мен Ащыбұлақ ауылынанмын. Түнде жасырын түрде Алматы қаласына өтіп кеткім келді. Полиция қызметкерлері ұстап алып, сот 10 күнге қамау туралы шешім шығарды. Менің қателігімді қайталамауларыңызды сұраймын. Карантин уақытында үйлеріңізде отырыңыздар",- деді әкімшілік қамауға алынғандардың бірі.
"Шекарадан өтіп кеткенімді білмедім. Сол үшін ұсталып, 10 күнге қамаққа алындым. Барлық азаматтарды карантин тәртібін қатаң сақтауға, қажеттілік болмаса, далаға шықпауға шақырамын. Мүмкін болса, үйлеріңізде отырыңыздар. Өздеріңізді және жақындарыңыздың денсаулығын қатерге тікпеңіздер",- деп толықтырды Алматы облысының келесі тұрғыны.
Ақпарат үшін: төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 27 азамат әкімшілік қамаққа алынса, қалғаны кем дегенде 10 АЕК құрайтын әкімшілік айыппұл арқалады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript