Тәжікстаннан 24 қазақстандық елге жеткізілді

ҚР ҚМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2020 00:42 ҚР ҚМ
Сол бортпен Тәжікстанның 23 азаматын кері қайтарып жібердік.

Біздің азаматтарымызды шет елдерден қайтару жөніндегі шаралар аясында, ҚР Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Тәжікстанның мемлекеттік органдарының бірлескен күш-жігерімен 28 наурызда осы мемлекеттен біздің отандастарымыз елге шығарылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің әскери-көлік авиациясының қолдауымен 24 ҚР азаматы елге аман-есен шығарылды. Бұл азаматтар Тәжікстан аумағында болған және тәжік билігі қатаң шектеу шараларын енгізгеннен кейін шыға алмай қалған.

Осы борт арқылы Тәжікстанның 23 азаматы өз отанына оралды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: