1 сәуірден бастап Атырау стансасы бағытындағы жолаушылар пойыздары тоқтайды
![railnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2020 18:04](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-b991bdea-3716-4851-8295-b2e0af4b1c18/800x452.webp)
1 сәуірден бастап Атырау станциясына дейін және Атырау станциясынан жолаушылар пойыздарына, соның ішінде рельсті және тікелей жүретін вагондарға адамдарды мінгізуге немесе түсіруге, сондай-ақ жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды zakon.kz.
31 наурыздан бастап Доссор станциясына дейін баратын № 692/691 - Ақтөбе-Атырау пойызының бағыты шектеледі.
1 сәуірден бастап № 313/414 - Атырау-Маңғыстау және № 47/48 - Атырау-Курорт-Бурабай жолаушылар пойыздарының қозғалысы, ал 2020 жылы 2 сәуірден бастап № 41/42 - Атырау-Шу бағыты тоқтатылды.
Бұрын Атырау станциясына дейін және одан әрменге жол жүру құжатын (билеттерін) сатып алған жолаушылар билет ақшасын толық көлемде қайтарып ала алады, - делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарламасында.
16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды, осыған байланысты жолаушылардан қойылған шектеулерге түсіністікпен қарап, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және алдын-алу бойынша барлық ұсыныстарды орындау сұралады.