Нұр-Сұлтанда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды
РСК Алматы
Қазақстан бойынша жаңа вирус түрінен екі адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтанда тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясынан бір адам көз жұмды. Қазақстан бойынша жаңа вирус түрінен екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм-арнасы.
31 наурызда Нұр-Сұлтанда бір кісі өлім тіркелді: 50 жастағы науқас жедел жәрдем тобымен 2020 жылдың 21 наурызында ауруханаға түсті. Ол бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарлармен байланысты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz телеграм-арнасы.
Онымен жақын байланыста болған 31 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде отбасы мүшелері мен бірге жұмыс істеген жұмысшылар да бар.
Одан бөлек 55 потенциалды байланыстағы адам анықталып, үй карантиніне алынды.
Кейіннен екі жақын отбасы мүшесінен де коронавирус тіркелді.
Қазақстанда коронавирустан алғашқы кісі өлімі 26 наурызда тіркелді. Ол - Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript