Қазақстан Президенті банктерге: Енді сіздердің кезегіңіз, халыққа қолдау көрсетіңіздер!
zakon.kz
Қиын кезеңдерде мемлекет банктерге айтарлықтай көмек көрсетті. Енді сіздердің халыққа және отандық бизнеске қолдауларыңыз қажет - Мемлекет басшысы.
Қиын кезеңдерде мемлекет банктерге айтарлықтай көмек көрсетті, енді олар тұрғындар мен отандық бизнесті қолдауы қажет. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарнадан тікелей эфирден сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұған дейін шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған шаралар туралы жариялаған болатынмын. Бұл салық преференциялары, несие төлемдерін кейінге шегеру және тағы басқалар. Шағын және орта бизнес өкілдерінің ұсыныстарына келетін болсақ. Олардың көпшілігі мемлекеттік органдар тарапынан қолдау тауып, жүзеге асырылуда. Бұл - мемлекеттік қолдаудың басым бағыты ретінде танылған қызмет түрлерін кеңейтуге, несие сыйақы мөлшерлемесін төмендетуге және теңестіруге, мемлекеттік кепілдіктер көлемін ұлғайтуға қатысты, - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, Қаржылық реттеу агенттігі банктермен және басқа да қаржылық ұйымдармен ШОБ несиелері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және қайта құрылымдау мәселесіне қатысты жұмыс жүргізіп жатыр.
Мен бұл мәселеге жеке тоқталғым келеді. Көптеген кәсіпкерлер банктерден төтенше жағдай кезінде төленбеген несиелеріне үстемақы қоспауды сұрайды. Банктер үшін, әрине бұл шығынды кезең, оны да дұрыс түсіну керек. Банктер сонымен қатар біздің экономикамыздың ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан мен екінші деңгейлі банктерден конструктивтілік, азаматтық жауапкершілік пен ымыралықты көрсетуді сұраймын. Банктер үшін қиын кезеңдерде мемлекет оларға айтарлықтай көмек көрсетті. Енді сіздердің халыққа және отандық бизнеске қолдауларыңыз қажет, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Сонымен бірге ол, қажет болған жағдайда, мемлекет қосымша шараларын қабылдауы мүмкін екенін атап өтті.
"Тұтастай алғанда, жағдай одан әрі нашарлаған жағдайда Үкімет пен қаржы реттеушілері бұл мәселені шешу үшін шаралар қолданатын болады", - деп сөзін түйіндеді Тоқаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript