Қазақстанда банктер халыққа несие беруді қысқартты
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 23 қаңтарда өткен брифингте базалық мөлшерлеменің көтерілуі банктердің бизнеске және халыққа несие беру саясатына қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, Ұлттық банк жыл сайын елдегі несие белсенділігіне талдау жүргізеді. Тиісті шолу 27 қаңтарда жарияланады.
Экономикаға, яғни бизнеске берілетін несиелер көлемі, керісінше, айтарлықтай өскен.
"11 айдың қорытындысы бойынша бизнеске берілген несиелер 21,5 пайызға артты", – деді Тимур Сүлейменов.
Ал кепілсіз тұтынушылық несиелеу қарқыны баяулаған.
"Халықтың шамадан тыс қарыздануы инфляция мен сыртқы тәуелділікке әсер етеді, себебі мұндай несиелер көбіне импорттық тауарларға жұмсалады. Бұл бағытта өсім айтарлықтай төмендеді. 11 айдың нәтижесінде кепілсіз тұтынушылық несиелердің өсуі 7,3 пайызды құрады. Жыл қорытындысында бұл көрсеткіш одан да төмен болады. Осылайша, бизнеске несие беру мен халықты несиелеу арасындағы тепе-теңдік біртіндеп қалпына келіп келеді", – деп түйіндеді Ұлттық банк төрағасы.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18 пайыз деңгейінде, ±1 пайыздық тармақ дәлізімен белгілеу туралы шешім қабылдаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript