Бейбіт Мамраев Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитет төрағасы болды
primeminister.kz
Бұған дейін бұл лауазымды қызметті 28 наурызда Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалған Гүлшара Әбдіхалықова атқарған болатын.
Бейбіт Мамраев Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетін басқаратын болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Депутаттыққа кандидатураны Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ұсынды.
"Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" заңның 8-бабына сәйкес, мен осы орынға Палата Төрағасы ретінде депутаттыққа кандидат Бейбіт Мамраевты ұсынамын. Әріптестер, Бейбіт Баймағамбетұлын бәріңізді жақсы білесіздер. Ол көптеген маңызды қызметтерде болды, соңғы жылдары ол Мәжілістің депутаты, оның ішінде Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің хатшысы және маңызды заңдардың қабылдануына өз үлесін қосты. Оның бұл салада қажетті білімі мен тәжірибесі жеткілікті және ол осы комитетті басқаруға лайықты деп санаймын", - деді Мәжіліс төрағасы пленарлық отырыста.
Барлық депутаттар Бейбіт Мамраевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді.
Айта кетсек, бұған дейін бұл лауазымды қызметті 28 наурызда Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалған Гүлшара Әбдіхалықова атқарған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript