Өңірлерде Жеңістің 75 жылдығын тойлау үшін трансферттерді пайдалану ережесі бекітілді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2020 21:54 zakon.kz
Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін, делінген құжатта.

Үкімет облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы қаулыға қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

"2020–2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын және жылдың қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс, делінген Үкіметтің ресми сайтында жарияланған Қаулыда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: