Жаңалықтар тізбегі
0

Әлеуметтік көмек бойынша өтініш қабылдайтын қосымша неге істемей тұр

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2020 21:59 Ашық дерекөздерден алынды
Телеграм боттың қашан қолжетімді болатыны әзірге белгісіз.

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы тағайындалғаны белгілі, деп хабарлайды "Хабар 24".

Еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бұл төлемді алу тәртібін баяндап берген еді. Egov порталының жүктемесі тым көп, сондықтан тұрғындардың өтініш беру үшін арнайы сайт жұмыс істейтінін де айтты. Ал сайтқа немесе Egov-қа кіру мүміндігі жоқ адамдарға бүгіннен бастап Telegram-ботты пайдалану ұсынылады деді министр.

Алайда бұл қосымша арқылы әлеуметтік төлем алуға өтініш беру мүмкін болмай тұр. Себебі Telegram-бот техникалық себептермен жұмыс істемейді.

Қосымшаның қашан іске қосылатынын білу үшін біздің тілшілер министрлікке хабарласты. Бірақ ведомство өкілдері бұл мәселеге қатысты "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясына сілтеме жасады. Өз кезегінде, Telegram-боттың жұмысын реттейтін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясы да мардымды жауап берген жоқ. Тек жақын арада ресми хабарлама болатынын айтты. Сондықтан телеграм боттың қашан қолжетімді болатыны әзірге белгісіз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: