Эпидемияға қарсы шараларға қосымша 125 млн теңге қарастырылады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2020 22:16 pixabay.com
Үстеме ақылардың мөлшері коронавирусты жұқтыру қаупі бар топтар бойынша анықталатын болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша эпидемияға қарсы шараларға қосымша 125 млн теңге қарастырылады, оның 40,6 млн теңгесі карантиндік шараларды жүргізуге тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыруға бөлінеді, деп хабарлайды zakon.kz Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап..

Үстеме ақылардың мөлшері коронавирусты жұқтыру қаупі бар топтар бойынша анықталатын болады:

1 топ (қауіптілігі аса жоғары) — реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы бір қызметкерге 20 ЖТМ немесе 850 мың теңгені құрайды;

2 топ — провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы 10 ЖТМ құрайды;

3 топ — карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстеме ақы 5 ЖТМ құрайды. Бұл 26,3 мың адамды қамтиды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: