«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ға 29 млн теңге айыппұл салынды

today.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2018 18:49 today.kz
Департамент компанияны нарықтағы үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартты.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ға электр қуатын заңсыз өшіргені үшін 29 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Алматы қаласының департаменті «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің іс-әрекеттеріне жүргізген аудит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 7-тармағына сәйкес нарықтағы үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану жағдайында бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін анықтады», - деп жазылған хабарламада.

Әкімшілік іс қозғалып, 29 304 424 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл толығымен өтелді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: