Министр бір тәулік ішіндегі індеттің өсімі туралы мәліметпен бөлісті

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2020 16:01 24.kz
Өңірлерде дертті жұқтыру өсімі 29% -ға артты.

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бір тәулік ішіндегі коронавирус індетінің өсімі туралы түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Министр сырттан келген коронавирус науқастармен тығыз байланыста болған адамдардың 97% -ы табылғанын атап өтті

88 науқастың жағдайы орташа ауыр, 510 науқастың дерті жеңіл формада жүріп жатыр. Елімізде науқастармен 19 112 байланысқа түскен адам бар, олардың 97% оқшауланған, - деді ол.

Сонымен қатар, ол өңірлердегі өсім 29 пайызды құрайтынын айтты.

Өткен тәулікте 78 жаңа оқиға тіркелді. Өсім 13% құрады. 78 науқастың екеуі 2-сі Нұр-Сұлтанға, 3-еуі Алматы қаласында болды. Өңірлерде 73 жаңа жағдай тіркелді, бұл 29% -ға артты, - деді ол.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: