Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда көз жұмған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Алматы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2020 17:36 Алматы әкімдігі
Дәрігерлер оның жанын аман алып қалу үшін тағы 30 минут күресті. Сағат 23:50-де биологиялық өлім тіркелді.

Алматы денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған науқас туралы мәліметпен бөлісті. Ол кеше түнде қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев арнайы брифингте науқастың өлімі 9 сәуірде 23 сағат 50 минутта тіркелгенін айтты.

Ол - бұрынғы науқаспен байланыстағы болған адам. 16 наурызда таллдауы оң нәтиже көрсетті. Онда қосымша аурулар болды, атап айтқанда созылмалы обструктивті өкпе ауруы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, артериялық гипертензияға байланысты ол 18 наурызда жансақтау бөліміне жатқызылды, - деді ол.

Қарқынды жүргізілген терапияға қарамастан, 1956 жылғы науқастың жағдайы күн санап нашарлай берді. Кеше сағат 23:20-да қосымша аурулардың кесірінен оның жүрегі тоқтады. Дәрігерлер оның жанын аман алып қалу үшін тағы 30 минут күресті. Сағат 23:50-де биологиялық өлім тіркелді.

Негізгі диагнозы: коронавирус инфекциясы, алдын ала расталған жағдай. Екі жақты полисегментальды пневмония, өте ауыр. Екі жақты плеврит. Өкпенің қабынуы, Лайелл синдромы, - деді Әбілдаев.

Денсаулық сақтау департаментінің басшысы марқұмның туыстарына көңіл айтты.

10 сәуірде таңертең Қазақстанда жаңа вирусты жұқтырудың 802 жағдайы тіркелді, оның 122-і - Алматы қаласында. Елімізде бұл аурудан 60 адам емделіп кетті, тоғызы қайтыс болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: