"Бұйрықты дұрыс түсінбей қалыпты". Денсаулық министрі бір қателікті түзеді
Алматы денсаулық сақтау басқармасы қалалық балалар жұқпалы аурулары ауруханасының барлық медицина қызметкерлеріне қауіптілік тобының 1-ші санаты бойынша сыйлықақы төленетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Осыдан бір күн бұрын, 9 сәуірде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшылығы министрдің коронавируспен айналысатын медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеу туралы бұйрығын түсіндіруде қателік жібергенін айтты.
Барлық жұқпалы ауруханалардың дәрігерлері, медбикелері және орта медициналық персоналының бәрі 1-ші қауіп тобына жатады. Таңертең Денсаулық сақтау басқармасы қатені түзетіп, оларға қосымша ақы төлеуі керек, деп жазды министр.
Бүгін Денсаулық сақтау басқармасы қатенің жойылғанын хабарлады.
Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының медициналық қызметкерлеріне төленетін төлемдерге қатысты барлық адамдарға 1-ші санаттағы қауіптілік тобына сәйкес төлемдер жүргізілетінін хабарлаймыз, делінген хабарламада.
Сондай-ақ,бұл ресми есепте 500-ден астам дәрігер, 1,7 мың орта медициналық қызметкер, 549 кіші медицина қызметкері және 764 басқа медицина қызметкері сыйлықақы алатындығы айтылған.
Төлем алуға құқығы бар медицина қызметкерлерінің жалпы саны - 3557 адам. Оларға бөлінген ақшаның жалпы сомасы - 965 миллион теңге. Төлем 3 санат бойынша есептеледі.
30 наурызда төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия коронавируспен айналысатын дәрігерлерге үш айға сыйақы төленетіндігін хабарлады. Ең жоғарғы жәрдемақы көлемі - 850 мың теңге.