Жаңалықтар тізбегі
0

Сәуірде жауған қар Шымкентті әбігерге салды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2020 04:47 видеодан кадр
Дауылдан кейінгі өмір!

Шымкентте кеше кешкісін басталған қар қалың жұрттың мазасын қашырды. Үздіксіз 10-12 сағат бойы тоқтамай жауып, қалыңдығы 22 сантиметрге дейін жетті. Тіпті, таулы аймақтарда 30 сантиметрге дейін көтеріліп, ауа температурасы 11 грудасқа төмендеп кеткен. Аппақ ұлпаны көтере алмаған кейбір ағаштар бірінен соң, бірі жерге құлап жатыр. Ал, көше бойында жайқалып өсіп тұрған қызғалдақтар суықтан үсіп, жапырақтарынан айырылды.

Табиғаттың тосын мінезіне төтенше жағдай қызметі күшейтілген режимге көшкен. Олар кешелі бері бірнеше шақыртуларға шығып, тыным таппай жатыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Кешелі-бері жауған толассыз жаңбырдың соңы қарға ұласты. Ақ ұлпаны көтере алмаған ағаштардың барлығы шетінен құлап жатыр. Мұндай жағдайды қаланың кез келген жерінен көруге болады. Әсіресе, ескі шағын аудандарды өте көп. Сондықтан кешелі-бері коммуналдық мекеме қызметкерлері мен төтенше жағдай департаментінің мамандары күшейтілген режимге көшкен. Олар арнайы құралдың көмегімен ағаштардың барлығын кесіп алып, қаланың шетіне шығарып жатыр.

Кешкі 5-тер шамасында жауған қар тек, бүгін таңғы 6-да бір-ақ тоқтады. Ақ ұлпаның қалыңдығы қалада 22 сантиметрге дейін жеткен. Жаймашуақ көктемнің күнінде жүрген шымкенттіктер үшін бұл тосын құбылыс болды. Бәйшешек гүлдеп, түрлі жеміс ағаштары бүршік жарған еді. Орталық көшелерде қызғалдақтар да жайқалып өсіп тұрған-тын. Табиғаттың тосын мінезі осы бір көріністің барлығын бір-ақ сәтте бүлдіріп кетті.

Ауа-райын болжау орталығының мәліметінше, дауылды ескерту 3 сәуірден бастап халыққа таратылған. Арада 4 күн өткенде болжам айна қатесіз келді. Күн күрт құбылып, аспан өзгеріп сала берді. Салдарынан жаңбыр аралас жауған қарды көтере алмастан, ағаштар бел ортасынан морт сынған. Тамырымен жерге құлағандары да бар. Төтеншеліктердің хабарлауынша, 100-ге жуық ағаштар 30-дан аса жеңіл көліктер зардап шеккен.

Қызымкүл Мадимарова, қала тұрғыны:

"Бұл өте қиын жағдай. Машиналардың үстіне түссе не болады. Адамның үстіне түссе не болады. Бұл жақсы нәрсе емес. Дер кезінде қырқып, тазалап, тазалықты сақтап отыру керек еді. Соны уақытылы қолға алмағандықтан, осындай жағдай болып жатыр".


Осы күні, қала көшелерін тазалауға коммуналдық сала қызметкерлерімен бірге төтенше жағдай департаментінің 80-нен астам жеке құрамы және 20 шақты арнайы техникалары жұмылдырылған. Олар түннен бері дамылсыз еңбек етіп жатыр.

Белжан Төреқұлов, коммуналдық сала қызметкері:

"Жолды жауып тастаған ағаштарды парктің ішіндегі барлық талдар бізге қарайды. Осының бәрін майдалап, бұтақтарын бөлек, ірісін бөлек сыртқа шығарып тастаймыз, свалкаға. Құлаған ағаштар көп енді, бүгін-ертең жетеді бізге ағаш".


Айтпақшы, табиғаттың тосын мінезінен қаладағы 4 бірдей шағын ауданның тұрғындары электр жарығынан ажыратылған. Бүгін барлығын қайта қосу жұмыстары жүргізілуде.

Ерғали Бахаев, қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:

"8000 мың абонентке электр энергиясын беру тоқтатылған болатын. Дәл қазір, оның 1000 абонентіне берілді. Қалған 7 мыңына 1-2 сағаттың көлемінде және жалпы қала бойынша электр энергиясын беріп бітіреді".

Шымкенттегі ауа-райының құбылысы, Алматы мен Тәжікстан астанасы Душанбеде де болған. Оңтүстік астананың таулы аймақтарында қар жауып, қалыңдығы 4 сантиметрге жетіпті. Оның соңы суыққа ұласады дейді, - синоптиктер. Өкініштісі сол, бүршік атқан жеміс ағаштары мен гүл-қызғалдақтар осы өзгерістен кейін, үсіп кетуі мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: