Алматыда бір күнде 15 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2020 05:18 zakon.kz
Жалпы, екі күннің ішінде вирусты 27 медицина қызметкері жұқтырғаны тіркелді.

Алматы қаласында 15 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыне сілтеме жасап.

Алматыда 12 сәуірде COVID-19 вирусын жұқтырған 15 медицина маманы анықталды, олардың қатарында бір жүкті әйел бар.

Жалпы, екі күннің ішінде вирусты 27 медицина қызметкері жұқтырғаны тіркелді.

Олардың қатарында дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкері және тағы басқа мамандар бар.

Полисегментарлық пневмонияға байланысты екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: