20 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Алматыда кей кәсіпорындар ашылады

ПМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2020 22:50 ПМ
Жұмысын қалпына келтіретін кәсіпкерлік қызмет түрлерінің нақты тізімін Мемлекеттік комиссия 15 сәуірде бекітеді.

20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда экономиканың бірқатар секторларының жұмысы қалпына келтіріледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекеттік комиссия қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтаумен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын кезең-кезеңмен қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.

Бірінші кезең аясында биылғы 20 сәуірден бастап өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындарының, сондай-ақ қызмет көрсету саласының белгілі-бір секторларының жұмысы қалпына келтіріледі.

Олардың жұмыс істеуі үшін қойылатын міндетті шарт — санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау.

І кезең аясында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы жұмысын қалпына келтіретін кәсіпкерлік қызмет түрлерінің нақты тізімін Мемлекеттік комиссия биыл 15 сәуірде бекітеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: