Нұр-Сұлтанда қайтыс болған науқас 1950-ші жылғы

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2020 17:58 Хабар 24
Науқас келіп түскен сәттен бастап бар аурулардың салдарынан үдемелі нашарлауы байқалды.

Науқас 1950 жылғы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. 11 сәуірде желел жәрдем бригадасымен провизорлық стационарға ауыр халде жеткізілді. Осыған байланысты шұғыл ранимация бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Науқас келіп түскен сәттен бастап бар аурулардың салдарынан үдемелі нашарлауы байқалды. Қосымша диагноздары: аорто-коронарлық шунттау, ЖИА, артериялық гипертензия, қант диабеті.

Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, полиоргандық, яғни тыныс алу, жүрек және бүйрек жетіспеушілігінің белгілері өскен.

Қарқынды терапияға қарамастан, 2020 жылдың 13 сәуірінде сағат 22:20-де жүрек қызметі тоқтады. Реанимациялық іс-шаралар толық көлемде жүргізілді, 23:40 минутта биологиялық өлім анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: