Жаңалықтар тізбегі
0

Үстемақы дауы: Қарағандыда жәдел жәрдем қызметіндегілер наразылыққа шықты

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2020 16:06 видеодан алынды
Қарағандыда жедел жәрдем қызметіндегілер 3 бригадага емес, үстемақы барлығына бірдей төленуін талап етіп, наразалық білдірген.

Қарағандыда жедел жәрдем қызметіндегілер қауіпті кеселмен күресте Президент уәде еткен үстемақы көрмегендерін айтып ашуға мінді. Өйкені мұнда да коронавирус жұқтырғандарға арналған топтардан өзгесіне өтемақы қарастырылмаған көрінеді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Біз "кеудем ауырсынды" деген шақыруларға дейін бардық. Бірақ коронавирус немесе басқа сырқат туралы еш күдік болмады. Біз жанталасып жетіп барсақ, кеудесі ауырмақ түгілі, сәл дене қызуы мен құр жөтел, еш коронавирус инфекциясының белгісі жоқ болып шығады.

Октябрь ауданындағы жедел жәрдем бекетіндегі 11 жедел жәрдем бригадасының үшеуі ғана коронавирус жұқтырғандарды тасымалдауға арнайы жабдықталған. Тиісінше, үстемақы соларға ғана беріледі. Алайда басы ауырып, балтыры сыздағандардың барлығы кеселден аман екенін білмейміз дейді ақ халаттылар. Ал кез келген шақыртуға баратындар дертті жұқтырмайтындарына кепіл жоқтығын айтты. Сондықтан бекеттегі 3 бригадага емес, үстемақы барлығына бірдей төленуін талап етіп, наразалық білдірген. Осы даудан кейін Қарағанды билігі шұғыл жиын өткізіп, меселені өз күшімен шешетін болды. Ол үшін облыс бюджетінен 69 миллион теңге бөліпті.

- Үстеме ақы алынған. Ол жүргізуші құрамы мен санитарлардың жолға шығатын құрамы, фельдшер, диспетчер алды. Және де наурыздан сәуірге дейін жұмыс істеген медициналық қызметкерлер алды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: