Астана маңындағы елді-мекен тұрғындары интернет үшін шатырға шығуға мәжбүр

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2020 23:00 Pixabay
Талапкер ауылындағы ұялы байланыстың станциясы көршілес Максимовка елді-мекенінде орналасқан.

Елорда маңындағы Талапкер және Қажымұқан ауылдарының тұрғындары WhatsApp арқылы хат алысу үшін үйдің шатырына шығып жүр. Бұл елді-мекендер Билайн және Алтел компанияларының желісіне қосылған екен. Аталған ауылдарда ұялы байланыс қашан дұрысталады? Бұл сұраққа "Хабар 24" арнасындағы брифингке келген "Қазақтелеком" компаниясының өкілі мен "Кар-Тел" компаниясының қызметкері жауап берді.

Талапкер ауылындағы ұялы байланыстың станциясы көршілес Максимовка елді-мекенінде орналасқан. Ал бұл дегеніміз 4 шақырым болатын арақашықтық. Байланыстың дұрыс ұстамауы осы себептен болуы мүмкін.

"Қазақтелеком" компаниясының жауабы осындай болды. Ал Beeline маркасы қарасты "Кар-Тел" компаниясының өкілі елорданың айналасында бұл оператордың үздіксіз жақсы жұмыс істеп тұрғанын алға тартты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: