Жаңалықтар тізбегі
0

Әлеуметтік төлем бізге үлкен қолдау болды - қызылордалық кәсіпкерлер

kazinform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2020 23:35 kazinform.kz
Қиындық ешкімге де оңай соғып жатқан жоқ.

Қызылорда облысында төтенше жағдай салдарынан жұмысын уақытша тоқтатқан бірқатар кәсіпкерлер 42500 теңге әлеуметтік төлемге қол жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Олардың қатарында Қызылорда қаласында мектептерде асхананы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін кәсіпкер Роза Қадылкұрманова да бар. Кәсіпкер облыс орталығындағы №43, 136 мектептерде аталған жұмыспен айналысатын.

"Төтеннен келген қауіпті індет барлық салаға кері әсерін тигізді. Еліміздегі, өңірдегі карантин кезінде біздің де тыныс-тіршілігіміз тоқтап қалды. Бұл сәтте мемлекет тарапынан табыссыз қалған қазақстандықтарға қолдау көрсетілуі зор қамқорлық деп түсінемін. Мен және өзіммен бірге жұмыс жасайтын ұжым мүшелері де аталған төлемге қол жеткізді. Осы орайда Мемлекет басшысына, Үкіметке, барлық жанашыр азаматтарға алғыс білдіремін. Еліміз бұл қиындықты тезірек жеңіп шығады деп сенемін", - деді кәсіпкер.

Қызылордалық тағы бір кәсіпкер Гауһар Қалымбетова да мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлыққа дән риза екенін жеткізді. Ол визажист кәсібімен айналысатын еді. Қазір ол жұмысы тоқтап тұр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2020 23:35

"Қиындық ешкімге де оңай соғып жатқан жоқ. Табыссыз қалған азаматтарға мемлекет тарапынан тиісті қолдау жасалды. Осы орайда халыққа берілген төлем көп отбасының мұң-мұқтажын шешуге оң септігін тигізді. Алдағы жарқын күндерде елімізде көптеген игілікті істерге жол ашылады деген үміттемін. Еліміз дамып, өркендей берсін", - деді ол.

Төтенше жағдайда мұқтаж азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау негізінде 98 мыңнан астам азаматқа төлем түскен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: