Ақтөбе әкімінің орынбасары ұсталды

Lada.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2020 04:21 Lada.kz
Ол бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Жангелді Әубәкіров екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz City04.kz-ке сілтеме жасап.

Хабарларға қарағанда, ол бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Ол қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысымен бірге жұмыс істеген деген болжам бар.

Ақтөбе қаласы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі орынбасары қызметінде Жангелді Әубәкіров небәрі 8 ай жұмыс істеген.

16 сәуірде Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу соты екі айға, яғни 2020 жылдың 15 маусымына дейін қамауға санкция берді.

- Ол 189 баптың 2 б. 4-тармағында "Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап ету" қарастырылған қылмыс жасады деп күдіктелуде, - делінген мамандандырылған тергеу сотының хабарламасында.

Жангелді Әубәкіров Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметіне 2019 жылғы шілде айының соңында кірісті.

Ол айналысында миллиардтаған сомалар жүретін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын басқарды. Оның саласына көпірлер құрылысы, жолдарды жөндеу және салу, қаланы абаттандыру және жарықтандыру, тазарту сияқты жұмыстар кіреді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: