Жаңалықтар тізбегі
0

Жоғары соттағылар Арман Шораев ісіне қатысты: Баға беруге асықпаңыздар!..

facebook.com/Айдос Садуақасов, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2020 14:59 facebook.com/Айдос Садуақасов
Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетпеген, ол сотқа дейінгі тергеу сатысында.

Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов Арман Шораевтың сот процесін жария жүргізуді талап еткен журналистердің талабына үн қатты, деп хабарлайды zakon.kz.

Айдос Сәдуақасов Facebook-тегі жазбасында Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетпегінін, оның сотқа дейінгі тергеу сатысында екенін түсіндірді.

"Қазіргі уақытта Алматы қалалық тергеу сотына оған қатысты іс материалдары келіп түскен жоқ. БАҚ өкілдерінің сот процесіне қатысуы туралы мәселе шешімі - тек соттың құзырындағы дүние. Заң бойынша, ешкімнің, тіпті Жоғарғы Сот төрағасының да сот төрелігін жүзеге асыру ісіне араласуға құқығы жоқ. Қарастырып жатқан іске қатысты судьяға бақылау жасау және оған нұсқаулар беру сот төрелігін жүзеге асыруға келтірілген кедергі деп қарастырылуы керек, әрине мұндайға жол берілмейді. Сіздерден соттың қызметіне алдын-ала баға беруге асықпауларыңызды сұраймыз", деп жазды Жоғарғы сот өкілі.

18 сәуірде Қарағандыда Арман Шораев қамауға алынды. Оны қамауға ҚР ҚК 274 бабының 4 бөлігі бойынша жаза көзделетін – Төтенше жағдай кезінде көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату қылмысының белгілері бойынша қозғалған қылмыстық іс негіз болды.

Бұған дейін Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын Арман Шораевқа қатысты бұлтартпау шарасына санкция жариялау туралы мәселенің қарастырылып жатқаны рас па деген сауалға жауап берген. Онда ол қазіргі уақытта Алматы қалалық тергеу сотына ешқандай материалдар келіп түспегенін айтқан еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: