Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда заңды тұлғаларға қызмет көрсететін бір ХҚО іске қосылды

Самат Мырзалиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2020 21:38 Самат Мырзалиев
ХҚО мекенжайы: Шұғыла ш.а., 347/1.

20 сәуірден бастап Алматыда шағын және орта бизнес өкілдері үшін халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды zakon.kz "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ХҚО мекенжайы: Шұғыла ш.а., 347/1.

Бұл шешімді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады. Комиссия 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысын жандандыратын қызмет түрлерінің тізімін бекітті. Оған сәйкес оңтүстік астанада заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін бір ХҚО-ны ашу туралы шешім қабылданды.

Дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-16.00 аралығында кәсіпкерлер ХҚО-да бизнесті жүргізумен байланысты қызметтерді, соның ішінде жылжымалы/жылжымайтын мүліктің кепіл шартын және оның қосымшасын тіркей алады. Оларға қызмет көрсету үшін фронт-офисте 20-ға жуық маман жұмыс істейді.

Азаматтардың көптеп жиналуын болдырмау үшін ХҚО тек Алматы әкімдігінен алдын-ала берілген, несиелендіру бойынша оң шешім алған ұйымдардың тізіміне сәйкес жұмыс істейді. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтердің уақытылы әрі сапалы көрсетілуі үшін бизнес өкілдерінен құжаттардың толық пакетін бірден ұсынуға кеңес береді.

Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында мемлекеттік корпорация қызметкерлері маскалармен, қолғаптармен, антисептиктермен қамтамасыз етілген. ХҚО-ға барушылар бетперде кию тәртібін сақтаулары шарт.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: