Алматыда жұмысын қайта бастаған кәсіпорындардың тізімі
20 сәуірден бастап Алматыда өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс нысандары және заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін ХҚКО өз жұмысын бастады, деп хабарлайды zakon.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған кәсіпорындарға өндіріс кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарының сақталуына аудит жүргізілді. Аудитті Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі департаменті және "Атамекен" Алматы ӨКП қызметкерлері кіретін жұмыс топтары жүргізеді.
Бұрын хабарланғандай, Мемлекеттік комиссияның шешімімен 20 сәуірден бастап Алматы қаласында кәсіпорындарды кезең-кезеңімен іске қосу аясында: өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс компаниялары, сондай-ақ алдын ала жазылу бойынша нотариустар және тек бизнеске қызмет көрсету үшін Наурызбай ауданындағы ХҚКО-ның бір бөлімшесінің жұмысына рұқсат етілген.
Осы салалардағы кәсіпорындарды іске қосу аудиттен өткеннен кейін және кәсіпорындардың дайындығы және барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау туралы оң шешім алғаннан кейін мүмкін болмақ. Тексеруді жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің, "СЭС" мамандары және "Атамекен" ҰКП қызметкерлерінің жұмыс топтары жүргізеді.
Аталған кәсіпорындар жұмысы іске қосылғаннан кейін олар бақылауға алынады және тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда оларға қызметін тоқтатуға дейін шара қолданылады.
Қызметкерлерді COVID-19 індетінен қорғау жөніндегі іс-шаралардың толық тізімі қаланың барлық өнеркәсіп және құрылыс нысандары үшін әзірленген. Жұмыс берушілер қатаң санитарлық нормаларды сақтау үшін дербес жауапкершілікке ие.
Мәселен, нысандарда тепловизорлардың көмегімен және журналға тіркеумен байланыссыз термометрия мен денсаулық жағдайына байланысты сауалнама жүргізу арқылы күнделікті ауысым алдындағы медициналық тексеру талап етіледі. Барлық қызметкерлерді медициналық бетперделер және қолғаптармен, дезинфекциялаушы орамалдармен, сонымен қатар тері антисептиктерімен, санитайзерлермен қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, жұмысшылардың топ болып жиналмауын қадағалау керек. Олар барынша арақашықтықты сақтауға міндетті. Жиындардың санын барынша қысқарту, сондай-ақ адамдардың бір жерде көп шоғырлануын, сонымен қатар, асханаларда болдырмау маңызды. Үй-жайларда тұрақты дезинфекция және ылғалды тазалау, желдету және ауа баптау жүйелері, сондай-ақ жеке гигиена үшін санитарлық тораптар және т. б. жұмыс істеуі тиіс.
Жіті респираторлық жұқпалар (жоғары температура, жөтел, мұрын) және басқа да жұқпалы аурулар байқалатын қызметкерлерді жұмысқа жіберуге тыйым салынады. Бұл жағдайда қызметкерді дереу оқшаулап, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру қажет.
Осыған байланысты тиісті аудит және кәсіпорынның карантин жағдайында жұмыс істеуге дайындығы туралы қорытынды жүргізілгеннен кейін ғана оларға қызметкерлер мен көлік құралдары туралы деректер infoalmaty.kz базасына енгізіле отырып, қала ішінде жүрулеріне рұқсат берілетін болады.
ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАҒАН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТІЗІМІ