Алматыда №12 қалалық емхана карантинге жабылды
2gis.kz
Өткен тәулікте 127 медициналық қызметкердің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, оның 12-сі №12 қалалық емхананың меициналық қызметкері екені анықталды.
Алматыда № 12 қалалық емхана карантинге жабылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы қаласы Бостандық ауданының бас санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес, №12 қалалық емхана карантинге жабылды, деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы.
Өткен тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандардың арасында №12 қалалық емхананың 12 қызметкері анықталды.
Алматыдағы осы ауруханадан басқа Орталық қалалық клиникалық аурухана және №4 қалалық аурухананың бөлімі карантинге жабылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript