Надыровтан коронавирус анықталып, Әбілдаев отставкаға кетпейтін болды
Depositphotos
Кеше Камалжан Надыров Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болады деп жарияланған еді.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-те бұрынғы вице-министр Камалжан Надыровтың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын растады, деп хабарлайды zakon.kz.
Кеше, 21 сәуірде Үкіметтің қаулысымен Камалжан Надыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды.
Алматыда коронавирус инфекциясының қиын жағдайына байланысты қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының қазіргі басшысы Тілеухан Әбілдаев қызметінен кету туралы өтініш берді. Оның орнына К.Т.Надыров тағайындалады деп болжанған. Дегенмен өткен түнде кешке К.Надыровтан коронавирус инфекциясы диагнозы расталды, сондықтан ол емделу үшін ауруханаға жатқызылды. Әріптесім Камалжан Талғатұлына тез айығып кетуіне тілектестік білдіремін! - деп жазды Біртанов.
Осыған байланысты, оның айтуынша, Алматы әкімінің келісімі бойынша Әбілдаевтың отставкасы кері қайтарылды.
Алматыдағы COVID-19-дың таралуына қатысты жағдай ел басшысы мен қала басшылығының ерекше бақылауында. Бүгін таңда мұнда жаңа вирус түрін жұқтырғандардың саны 678 адамды құрайды, олардың жартысынан жуығы - скрининг кезінде анықталған медицина қызметкерлері. Орталық қалалық клиникалық аурухананың індет ошағы дер кезінде ауыздықталды, ондағы барлық науқастар, соның ішінде диагнозы расталған қызметкерлер қаладағы ауруханаларға орналастырылып, емделуде. Аурухананың бөлмелері толықтай дезинфекцияланды, медициналық мекеме науқастарды қабылдай бастайды, - деп сөзін қорытындылады Денсаулық сақтау министрі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript