Доллардың бағасы бірден 5 теңгеге қымбаттады

yandex.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2020 17:28 yandex.kz
Әлемдік мұнай нарығындағы бағаның құлдырауына байланысты теңге де құнсызданып жатыр.

Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 11: 00-де доллардың орташа бағамы бірден 5,10 теңгеге қымбаттап, 435,60 теңгені құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сауда-саттық көлемі 85,45 миллион АҚШ долларын құрады.

Қор биржасы 20-24 сәуір аралығында KASE нарықтарында сауда-саттық, клиринг және есеп айырысу ережелері өзгертілгенін еске салады.

Сейсенбіде, күндізгі саудада доллардың орташа бағамы 430,50 теңгені құрады. Сонымен бірге, Brent маркалы мұнай бағасы 2001 жылдың деңгейіне дейін төмендеді. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 10.00-де Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 16,95 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: