Атамбаевтың денсаулығы сыр беріп, сот отырысына қатыса алмады
Бүгін Первомай аудандық сотында Қой-Таштағы оқиғаларға қатысты қылмыстық іс қаралуы керек еді. Алайда сот отырысы 27 сәуірге ауыстырылды. Бұл туралы 24.kg жазды, деп хабарлайды zakon.kz.
Сотталушылардың бірі Құндыз Жолдыбаеваның айтуынша, сот кейбір айыпталушылардың адвокаттарының келмеуіне байланысты кейінге қалдырылған.
Ал экс-президент Алмазбек Атамбаев сот отырысына денсаулығының сыр беруіне байланысты жеткізілмеген, - деді ол.
Бұл істе барлығы 19 айыпталушы бар. Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев ҰҚК тергеу изоляторына қамалған. №1 тергеу изоляторында - бұрынғы Президент аппаратының жетекшісі Фарид Ниязов, бұрынғы депутаттар Равшан Джээнбеков және Мейірбек Мискенбаев, тоғызыншы қызметтің бұрынғы қызметкері Қанат Сағымбаев, сонымен бірге Атамбаевтың жақтастары - Фархат Баабиев, Қанат Осмоналиев, Құрманбек ұлы Ринат, Марат Үбенуменов Карыпбек пен Нооруз Қапар ұлы да бар.
Халық депутаттары Ирина Карамушкина мен Әсел Кодуранова, сондай-ақ СДП партиясының ресми өкілі Құндыз Жолдыбаева үй қамаққа алынған
7-8 тамызда Қой-Таштағы оқиғалар бойынша Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодекстің бірқатар баптары бойынша іс қозғады. Тергеу аяқталды. Бұрынғы президент пен оның жақтастарына Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша айып тағылған: "Жаппай тәртіпсіздік", "Бұзақылық", "Адам өлтіру", "Адам өлтіруге оқталу", "Билік өкіліне қоқан-лоқы жасау немесе зорлық-зомбылық көрсету", "Билікті күшпен басып алуға тырысу", "Заңсыз қару айналымы" және "Кісіні кепілге алу".