Жаңалықтар тізбегі
0

Сотта Талдықорған полициясы экс-басшысының денсаулығы сыр беріп, шұғыл ауруханаға жеткізілді

Марат Күштібаев, Талдықорған полициясының экс-басшысы , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2024 20:34 Сурет: gov.kz
2024 жылы 5 наурызда Талдықорған қалалық полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев сот залынан ауруханаға жеткізілді. Сот процесі барысында оның денсаулығы сыр беріп, нашарлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты Zakon.kz-ға Жетісу облысының соты жеткізді. 

"Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі сот отырысы кезінде сотталушыны "жедел жәрдем көлігі" алып кеткені туралы ақпаратты растайды. Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта, дәрігерлер бақылауында. Осыған байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды", - деді соттағылар.

Айта кетсек, 2024 жылы 28 ақпанда Марат Күштібаевтың зорлау ісі бойынша сот процесі басталғаны хабарланды. Процесс жабық режимде өтіп жатыр. Ол тоғыз жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

2023 жылы 13 қарашада әлеуметтік желіде 27 жастағы келіншекті зорлады деген күдікпен Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Кейін бұл ақпаратты Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов растады.

Бұған дейін Марат Күштібаевтың қол астындағы қызметкерлерін балағаттаған аудиосы желіде тараған. Мысалы, осындай жағдайдың бірі 2019 жылдың қыркүйегінде тіркелді. Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша Марат Күштібаев Алматы облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы қызметінен босатылған болатын. 

Марат Күштібаев ұсталғаннан кейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Жетісу облысына келді. Жетісу облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов та қызметінен босатылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: