Қазақстанда коронавирустан емделіп, жазылған адамдар саны 500-ден асты
Қазақстан дәрігерлері 505 адамды коронавирустан емдеп, жазды, деп хабарлайды zakon.kz.
⠀
Коронавирустан емделген тағы 16 адам ауруханадан шығарылды. Оның ішінде, Атырау облысы - 6, Қарағанды облысы - 2, Қызылорда облысы - 3, Шығыс Қазақстан облысы - 2, Маңғыстау облысы - 2, Шымкент қаласы - 1.
Қазақстан бойынша 22 сәуірдің сағат 13.00 уақыты бойынша, жаңа вирус түрінен емделгендер саны 505-ке жетті:
Нұр-Сұлтан қаласы – 205
Алматы қаласы – 88
Шымкент қаласы – 17
Ақмола облысы – 19
Ақтөбе облысы – 10
Алматы облысы – 9
Атырау облысы – 29
Шығыс Қазақстан облысы – 5
Жамбыл облысы – 24
Батыс Қазақстан облысы – 2
Қарағанды облысы – 19
Қызылорда облысы – 29
Маңғыстау облысы – 4
Павлодар облысы – 1
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Түркістан облысы – 18
Қостанай облысы - 1.