Жаңалықтар тізбегі
0

Коронавирус ошағына айналған жезөкшелер ордасының тағы бір сұмдығы ашылды

total.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2020 18:24 total.kz
Облыс аумағында карантин екеніне қарамастан, полиция жезөкшеліктің заңсыз әрекеттерін болдырмау үшін шара қолданбаған және оны сырттай желеп-жебеуді жалғастыра берген.

Ақтауда арасында коронавирус жұқтырған тұлғалар бар жезөкшелер ордасын полиция қызметкерлері өз қамқорлығына алған деген күдік келтірілуде, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының басшысы Қуаныш Жапақов арнайы брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

Маңғыстау облысы бойынша департамент облыстық прокуратурамен бірлесіп, Ақтау қаласында жезөкшелер ордасын ұйымдастырған шетелдік азаматтарға сырттай қолдау көрсеткен полиция бөлімі қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің алдын алды, - деді Жапаков.

Оның айтуынша, облыс аумағында карантин екеніне қарамастан, полиция жезөкшеліктің заңсыз әрекеттерін болдырмау үшін шара қолданбаған және оны сырттай желеп-жебеуді жалғастыра берген.

Сонымен қатар, полиция коронавирус жұқтырған жезөкшемен шетелдік азаматтардың тікелей байланыста болғаны туралы фактіні жасырған.

Ведомствоның хабарлауынша, бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет парақорлық, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану, жезөкшелікті ұйымдастыру және жеңгетайлық қызмет, сондай-ақ адам денсаулығына қауіп төндіретін ақпаратты жасыру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің осы мәліметтерді хабарлауы нәтижесінде 87 адам оқшауланды, оның ішінде жезөкшелер ордасын ұстаған екі шетел азаматынан да коронавирус инфекциясы анықталды, деп сөзін қорытындылады Жапаков.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: