Жаңалықтар тізбегі
0

Төтенше жағдай кезінде кәсіп ашқысы келетіндердің өтініштері қарала ма

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2020 18:34 Ашық дерекөздерден алынды
Ол төтенше жағдай кезінде де жас кәсіпкерлер өз өтініштерін жіберуіне болатынын айтып өтті.

Өз кәсібін дөңгелетуге ниетті азаматтардың өтініштері төтенше жағдай кезінде де қаралады. Бұл туралы "Даму" КДҚ" АҚ мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету департаментінің директоры Гүлсая Зейнелғабдина ОКҚ брифингтінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар-24".

Ол төтенше жағдай кезінде де жас кәсіпкерлер өз өтініштерін жіберуіне болатынын айтып өтті.

"Бізде жас кәсіпкерлікке арналған бағдарламалар бар. Төтенше жағдай кезінде де жұмысын жалғастырып жатыр. Жас кәсіпкерлер үшін "Еңбек" бағдарламасы бар. Ол арқылы кәсіпкерлер 6 пайызбен несие ала алады. Заим құны 6,5 МРП-мен 8 МРП аралығын құрайды. Заим мерзімі – 5 жыл", - деді.

Сондай-ақ "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы туралы айтып өтті.

"Бұл бағдарламаның аясында жас кәсіпкерлерге де қолдау көрсетеміз. Бұл бағдарлама бойынша жас кәсіпкер бірінші бағыт бойынша несие ала алады. Егер ауылда немесе моноқалаларда кәсібін жүзеге асыратын болса, 750 млн теңгеге дейін, қалада жүзеге асыратын болса, 7 млрд теңгеге дейін несие беріледі", - деді "Даму" КДҚ" АҚ мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету департаментінің директоры.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: