Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік комиссия еліміздегі жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау шараларын қарастырды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2020 18:21 primeminister.kz
Бұл тізімге 361 кәсіпорын кірді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында ҚР жүйе құрушы кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шаралары қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Үкіметі сайтына келтірген дереке сүйенсек, Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов жүйе құрушы кәсіпорындардың тиісті тізілімінің жобасын таныстырды.

Бұл тізімге құрылыс, көлік, энергетика, сауда, жылжымайтын мүлікті жалға алу, тау-кен өндірісі және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы 361 кәсіпорын енді.

Мемлекеттік қолдау шаралары ретінде несиелер бойынша мемлекеттік кепілдіктерді ұсыну, жеңілдікті өтімділікке қол жеткізу, салық төлеуді кейінге қалдыру, ҚҚС қайтару процесін жеңілдету әрі жеделдету, барлық рұқсат беру құжаттары мен мемлекеттік қызметтерді ұсынуды жеделдету қарастырылады.

Жүйе құрушы кәсіпорындардың ыңғайласпа міндеттері жалақы төленетін жұмыс орындарын сақтау, отандық өндірушілердің тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу (болған жағдайда), қолданыстағы келісімшарттар аясында уақытылы төлемдерді қамтамасыз ету, ақпаратты ашу, 2019-2020 жылдар үшін топ-менеджментке дивидендтік төлемдер мен бонустарды алып тастау болады.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар салық жеңілдіктерін, артықшылықтарын және азаматтық авиация субъектілерін мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын, ауыл шаруашылығы мен машина жасау салаларындағы ірі кәсіпорындардың операциялық қызметінің қазіргі мәселелерін және т. б. қарастырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: