Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2020 22:59 Ашық дерекөздерден алынды
Одан бөлек синоптиктер бұл ескерту Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына да қатысты екенін айтты.

Қазақстанның бес өңірде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазгидромет 28 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде және Көкшетау қаласында қатты жаңбыр жауады, тұман, найзағай күтілетінін хабарлайды.

Сондай-ақ күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында да 28 сәуірденайзағай, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

28 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде, Түркістан қаласында күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Шымкент қаласында 28 сәуір күннің екінші жартысында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі.

Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қостанай облысыныңкей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Сонымен қатар, дәл осы күні Қызылорда облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі. Дабылды ескертулердің ықтималдылығы 95-100%.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: