Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан коронавируспен күресте Силикон алқабының жасанды интеллектін қолданады

eva.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2020 21:57 eva.ru
XLabs компаниясы ұзақ жылдар бойы медицинада жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану үшін, аталған саланы дамытумен айналысып келеді.

АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы (Силикон алқабы) ҚР Бас консулдығының бастамасымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен 14 күндік келіссөздерден кейін, 2020 жылдың 28 сәуір күні сағат 03:45-те "Семей медициналық университеті" мен XLabs (АҚШ-тың АТ компаниясы) арасында Қазақстан Республикасы аумағында COVID-19 пандемиясымен күресу үшін жасанды интеллектіні қолдану жөніндегі келісімге қол қойылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның мақсаты:

Big Data жинау;
аурудың таралуы бойынша деректерді талдау;
Қазақстан мен басқа елдердің эпидемиологиялық жағдайы туралы деректерді талдау;
КВИ бар науқастарды емдеу тактикасын машиналық талдау;
КВИ таралуының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шараларды автоматты-салыстырмалы талдау;
індеттің таралуын алдын алудың неғұрлым тиімді әдістерін әзірлеу.

Жобаға қатысу арқылы Қазақстан бірқатар артықшылықтарға ие болады. Біріншіден, пандемияға қарсы күрестің ең өзекті және тиімді шаралары қолжетімді болмақ. Екіншіден, деректердің үлкен көлемін жинау және талдау бойынша халықаралық тәжірбие жинақталады.

Компания туралы:

XLabs компаниясы ұзақ жылдар бойы медицинада жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану үшін, аталған саланы дамытумен айналысып келеді. Компанияның өнімдері 30-дан астам дертті, оның ішінде онкологиялық аурулардың түрлерін сәтті диагностикалай алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: