Алматыда білім беру саласындағы 200 мыңнан астам адам жасанды интеллектті қолданады

Алматы мектептерінде цифрлық технология мен жасанды интеллект құралдары белсенді енгізіліп келеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2026 09:15 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы мектептерінде цифрлық технология мен жасанды интеллект құралдары белсенді енгізіліп келеді.

Бүгінде қаладағы 227 мемлекеттік мектептің барлығы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген. Білім беру үдерісіне қатысатын 200 мыңнан астам адам Gemini, NotebookLM және Canva сияқты заманауи жасанды интеллект платформаларын қолданады. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының өкілдері айтты.

Мектеп педагогтері 83 мыңнан астам цифрлық білім беру ресурсын әзірледі. Сонымен қатар, барлық мектепке жасанды интеллект технологиясын қолданатын 6,5 мың электронды оқулыққа тегін қолжетімділік берілді.

Жаңа оқу жылы басталғанға дейін Алматыда орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізудің өңірлік жоспары бекітіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: